Музыканы тыңдау арқылы танитын Shazam қосымшасының негізін қалаушы Крис Бартон қазақстандық әндерді тану тізіміне қосуға дайын, - деп деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Shazam әлемдегі жапон, корей, қытай, үнді музыкасын тануға баса назар аударады. Сондай-ақ, біз қазақстандық музыканы да бағдарламамызға қосуға қуана келісеміз», - деді АЭФ аясында журналистердің қазақ әндерін қосымшаға қосу туралы сұрағына жауап берген Крис Бартон.
Shazam - 100 миллионнан астам музыканы анықтауға және әндерді іздеуге қолайлы ең танымал қосымшалардың бірі.