Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әзірбайжан Республикасы Президентінің көмекшісі Али Гасановпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Екі жақты байланысты нығайту мақсатында әзірбайжандық тарап Алматы мен Гянджаны бауырлас қалаларға айналдыруды, сонымен қатар мегаполисте Әзірбайжанның сауда үйін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Кездесу барысында Али Гасанов қала басшылығы мен Әл-Фарабаи атындағы ҚҰМУ-не Әзірбайжан тарихы мен мәдениетінің Орталығын ашуға қолдау білдіргендері үшін алғысын айтты.
«Мен бұл істің халықтарымыздың өзара бірлігін нығайтуға және ғылыми құндылықтарды алмасуға оң ықпал ететініне сенімдімін. Біз Әзірбайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығы мен жалпыұлттық жетекшіміз Гейдар Алиевтің туғанына 95 жыл толуына орай бірнеше конференциялар өткізіп үлгердік. Сондықтан бұл қолдау екі ел арасынадғы достық пен бауырмалдықтың кепілі болып табылады», - деді А.Гасанов.