Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы №91 қаулысымен 29 мамырдан бастап «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға арналған лицензиясы 2018 жылдың 29 тамызына дейін тоқтатылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешімді Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының г) және з) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша пруденциялық нормативтер мен нормативтік құқықтық актілерді жүйелі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзғаны үшін Банктің банк заңнамасының талаптарын жекелеген бұзушылықтарға қадағалап ден қою шеңберінде қабылдады.