Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президентінің кездесуін ұйымдастыру үшін алдын ала келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жайында шетелдік Wall Street Journal газеті жазды.
АҚШ-тың Мәскеудегі өкілі Джон Хантсманның дәл қазір Америкада екені хабарланды. Екі ел президентінің кездесуін ұйымдастрыу үшін істер атқарып жатқан көрінеді.
Ал аталған басылымның мәліметінше, кездесудің уақыты мен орны әлі нақтыланбаған. Ал бұл кездесу АҚШ-тың Ресейдегі өкілі «Хантсманның ағымдағы жобасы» деп бағаланып отыр. Оның айтуынша, аталған жоба бірнеше айға созылады.