Пентагон басшысы Джеймс Мэттистің айтуынша, АҚШ Ресей мен Қытайға бәсекелес болуды көздемейді, керісінше бірлесе жұмыс атқаруды жоспарлап отыр. Арадағы алауыздықты жойып, бірлесе жұмыс істеуге көшпек. Бұл жайында Риа Новости жазды.
— Біздің көзқарасымызда алып екі державамен бәсекелес болғаннан гөрі бірлесе жұмыс істеген тиімді. Арадағы бәсекелестіктің артқанын қаламаймыз. Бірлескен жұмыста Ресейдің Қытаймен салыстырғанда Батыспен, АҚШ-пен байланысы берік, - деді ол Сингапурдегі сөзінде.
Пентагон басшысының сөзіне сүйенсек, Қытайдың Ресеймен салыстырғанда Тынық мұхитындағы ұлттармен, АҚШ және Үндістанмен ортақ тұстары көп. Сол себепті «табиғи тіл табыса алмаушылық» болуы – заңдылық.
Бүкіл әлемге қарсы шығудың еш қажеті жоқ, - деді Мэттис сөзінің соңында. Және қарым-қатынасты жақсарту жолында тиімді жолдарды пайдалануды ұсынды.