Түркия президенті Тайып Ердоған елдегі "Uber" такси қызметінің тоқтағанын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Sabah - қа сілтеме беріп.
"Енді Uber бизнесі жоқ. Өзіміздің такси жүйеміз бар, ал жеке таксилердің түрік такси жүргізушілерінің бизнесін бұзуға жол бермейміз", - деді Ердоған.
"News Turk"- тің хабарлауынша, көктемде Стамбулдың такси жүргізушілері мен Uber тасымалдаушылары арасында текетірес болып, артынша кикілжің үлкен дауға айналған. Такси жүргізушілері наразылық білдірген.
Uber Түркияда 2014 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Соңғы деректерге сүйенсек, елде көлікпен қызмет көрсетушілердің саны шамамен 5 мыңға жеткен. Uber XL шағын автобустары жергілікті тұрғындар мен туристер арасында ең қолайлы көлік түрі болып үлгерген еді.
Қазақстанда Uber және Яндекс такси қызметі нарықтағы өз орнын ұстап тұр. Осы себепті такси парктерінің табысы екінші жыл қатарынан төмен болып отыр.