Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары қайтыс болған қала тұрғындарының менингокок инфекциясының "А" түрімен ауырғанын анықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«А» менингиттің ең агрессивті түрі. Инкубациялық кезең 2-10 сағат аралығында жүреді» дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2018 жылы аталған дерт бойынша 58 жағдай тіркелгенін хабарлаған болатын. 12 адам көз жұмған. Қайтыс болғандардың қатарында бес бала болса, сыртқаттардың тізімінде 18 жастан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер бар.
Сонымен қатар, министр "менингит бойынша вакциналау жүргізу тиімсіз әрі шығыны көп" деп пікір білдірген болатын
"Осыған дейін елімізде менингококк инфекциясымен өлім деңгейі жыл сайын өзгеріп отырды, ең төмен жағдай – 2016 жылы 7 адам қайтыс болған, ал ең жоғарғы көрсеткіш – 2015 жылы 25 адамның өлімі тіркелген.
Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясымен сырқаттанудың орташа деңгейі – 100 мың тұрғынға шаққанда 2,1. Қазір Қазақстандағы сырқаттану деңгейі әр 100 мың тұрғындарға 0,3-ті құрайды.
Алматы қаласында менингококк инфекциясының орташа деңгейі 4,0 болса, қазір Алматы қаласында 100 мың тұрғынға шаққанда 1,7-ні құрайды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының эпидемияларды басқару жөніндегі нұсқауына сәйкес, 2018 жылы эпидемиялық деңгейдің көрсеткіші аптасына 100 мың тұрғынға шаққанда 3 жағдайды және 100 мың тұрғынға шаққанда 10 жағдай екен.
Менингококк инфекциясы - инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және дені сау таратушылар.