Астанада менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жансақтау бөліміне екі жастағы бала жеткізілді. Ақпаратты Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрқан Сәдуақасов растады. Бұл жайында Tengrinews хабарлайды.
— Екі жастағы бала менингококктық инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Талдау нәтижелерін күтіп отырмыз. Денесінде бөртпе жоқ, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың жағдайына байланысты ештеңе айта алмаймын, - деді Сәдуақасов.
Бала Ақмола облысының Аршалы ауданында ұзақ уақыт тұрған.
«Баламен тек ата-анасы ғана байланысқа түскен», - деді Н. Сәдуақасов.