Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жасалды. Қазгидрометтің мәлімдеуінше, екі облыста жауын жауып, жел тұрады, бұршақ жаууы да ықтимал.
11 маусымда таңға жуық және күндіз Ақмола облысында алдымен оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдылығы – 80-85%.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін қатты жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 метр болады және жауын, тұман түсіп, бұршақ жауу мүмкін.