Назарбаев: Батыс елдері арасындағы санкциялар Ресейге кері әсерін тигізеді

/uploads/thumbnail/20180606120342305_small.jpg

ШЫҰ-ның әлем алдында салмағының артуы үлкен саяси мәселе. Бұл туралы Елбасы Қытайға сапары жөнінде БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

- Шынында Ресей мен АҚШ, батыс елдері арасындағы санкциялар Ресей үшін оңай болып тұрған жоқ. Еуропаның өзі қазір АҚШ-пен келісімге келе алмай жатыр. Интеграция мәселесі бәсеңдеп қалды. АҚШ пен Тынық мұхиты елдері арасындағы кездесулер, тіпті жанындағы Канада мен Мексика арасындағы қарым-қатынас нашарлап жатқанда, дүние жүзінде сауда ұйымында қабылданған мәселелер орындалмай жатыр. БҰҰ қабылдаған шешімдер де орындалмай, әлем елдері арасындағы байланыс босаңсып жатқан кезде ШЫҰ басқа мемлекеттер үшін үлкен үміт сияқты. Былтыр «Бір білдеу, бір жол» тақырыбында форум ұйымдастырылды. 137-дан астам ел қатысты. Бұл нені білдіреді? Барлық интеграциялық қарым-қатынастар мен жаһандану процесі әлсірегенде қандай да бір жол іздеу керек. Халықаралық ережелер, саяси келісімдер орындалмағанда «Бір белдеу, бір жол» сынды жобалар адамдарға мүмкіндік береді, - деді Назарбаев.бүгінгі жиын тарихи болып саналады. Себебі саммитке 8 мемлекет қатысты. Үндістан мен Пәкістанның осы қатарға қосылуы жер бетінің 20 пайыз экономикасы мен 40 пайыз халқының осы жерде шоғырлануына себепкер болып отыр. Бұл мемлекеттердің барлығы осы жерден нарыққа, интеграцияға, қаржыға қол жеткізуге үмітті. ШЫҰ осындай үміт сыйлайды. Біз осы бағытта жұмыс жасаймыз. Бұл Қытайдың өзіне де пайдалы. 1,5 миллиард халықтың жасап жатқан затын сату керек қой. Жібек жолы арқылы тауарларын сыртқа шығару, артық ақшасын тиісті жерлерге салу керек. Ал бізге пайдалы тұсы – бізге де нарық ашылады, қаржы келеді, өндіріс ашамыз. Сол себепті бұл мәселенің үлкен мән-мағынасы бар деп санау керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Связанные Статьи