Әуежайда жадынан айырылған қазақстандық әйел Түркияда тазалықшы болып жұмыс істейді, деп хабарлайды tengrinews.kz. Қазір ол анасының үйінде Жамбыл облысы, Мерке ауылында. Қазақстанға туғандарына Қырғыстан астанасы Бішкек арқылы ұшқан.
«Барлығы дұрыс. Мен үйдемін», - деді әйел телефон арқылы.
«Ол Түркияда тазалықшы болып жұмыс істейді. Анасының айтуынша, оның үйге келгенінен бір апта болған. 11 маусымда Бішкекке ұшып келген», - деді жергілікті полиция өкілі.
Айта кетейік, қазақстандықтың Түркия әуежайында есін жоғалтып алғаны туралы ақпарат шыққанда ҚР СІМ ақпараттың растығын тексерген.
Serhiy Bryashchey есімді Facebook қолданушысы Ыстанбұл әуежайында қазақстандық әйелдің есін жоғалтып алғаны және оны жедел жәрдем алып кеткенін жазған.
ҚР СІМ ақпараттың растығын анықтау үшін Қазақстанның Түркиядағы елшілік өкілі әуежайға барған. Қазақстандық әйелдің Түркиядан 12 маусымда ұшып кеткені анықталды.