Таразда балалар 6 жастағы бүлдіршінді өртеп жіберді

/uploads/thumbnail/20180426193131755_small.jpg

Таразда балалар 6 жастағы бүлдіршінді өртеп жіберді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

17 маусымда сағат 18:00-де Тараз қаласындағы  Менделеев көшесі, № 35 үйдің ауласында  балалар ойнап жүріп,  2012 жылы туылған  бүлдіршіннің үстіне белгісіз жағдайда тез жанатын сұйықтық шашылып кетіп, денесінің 18 пайызын күйік шалған.

ІІ және ІІІ дәрежелі күйік алған бүлдіршін қазіргі уақытта № 2 қалалық аурухананың «Күйік» бөлімінің жансақтау бөлімінде ем алуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы қалыпты деп отыр.

 

Связанные Статьи