Шымкентте 11 жасар бала зорланды дегенді алғаш естігенде жағамды ұстадым. Бір ай бойы сол баланың басынан кешкені көк жәшіктің «сәніне» айналды. Әлеуметтік желі шулады, журналистер ақпаратын жаудырды, әйтеуір бала ұмытылды. Мұндай сұмдық ендігәрі қайталанбаса екен деп іштей тіледік. Бірақ құдай тілегенімізді бермеді. Шырайлы Шымкент жақсы жаңалықтармен қуантпай, қайтадан көңілге кірбің түсірді. Тағы бір бала педофилдің ойыншығына айналды. Ата-ана ретінде баламыздың болашағына алаңдап, ауладағы әткеншекті тебуге жалғыз жіберуге қорқып отырмыз. Билік болса жұмған аузын ашпайды. Қазақ шенеуніктерінің балалары бар ма, олар болашақ үшін уайым шегеді ме, теледидарды қосып елде не болып жатыр екен деп қызығушылық білдіреді ме деген мазалы сұрақ туындайды. Құрысын бәрі, фейсбукқа кіреді ме екен? Әлде Цукербергтен сескеніп, тек инстаграмды паналайды ма?
Фейсбук демекші, аталмыш сұмдық оқиғаға байланысты азаматтық пікірін білдіріп, педофилдерге қатысты қолданылатын жазаны қатайту мәселесін көтеріп, биліктен бас көтеріп, құлақ асуды сұрап жатқан қазақтың қарасы көп. Назарларыңызға ұсынайын.
Аңсаған Мұстафа: «Баяғыда Америкада бір педофил баласын қорада зорлап жатқан жерде әкесі үстінен түсіп, төбелес болып, милиция ұстап әкетіпті, бірақ әкесі кеш барған екен, бала алған травмалардан көз жұмыпты. Ол кезде Америкада өлім жазасын бермейтінін білген әке, сот жүріп жатқан үш айда дротикпен мешеньге тура қадап үйренумен уақытын өткізіпті. Сот отырысы болған күні қалтасына дротик салып апарып, сот шешімін шығара бергенде, дротигін лақтырып хайуанның маңдайынан сақ еткізіп дәл тигізіп, бүкіл соттардың көзінше о дүниеге аттандырып жіберген екен. Сот аздап кеңесіп, баланың әкесін, сот залынан шығарып жіберген екен... Біздің елде өлім жазасы жоқ, ең болмаса, піштірейік малдарды. Кеше Шымкентте болған оқиғаны бәріміз көрдік, масқара ғой. Ол отырып шығып, басқа балаға тағы қиянат жасауы мүмкін... Педофилдардың бұтынан бұрғы тығып басынан тесіп шығарып өлтіру керек. Елдің көзінше. Талап етем. Қашанғы бейкүнә періштелер зорлана беру керек? Неге?»
Эльмира Әбдікәрімова:Біздің ерлер жалтақ па, қорқақ па болып қалған сияқты... Жай күнде күштерін қайда жұмсарын білмей, тасынып атып кетіп, пышақтап өлтіре салады, жазықсыздар да бар ішінде... Осындай жағдайда көрсетіңдерші сол күштеріңді, құрметті азаматтар! Мұндай малғұндарға жаны ашудың өзі артық! Бәріміз ұл-қыз өсіріп отырмыз, қашанғы үрей-қорқынышпен өмір сүреміз?! Заңға неге енгізбейді өлім жазасын? Бұлар дандайсыды, саны артып барады, тіпті оқып тұрып елең етпей өтіп кететіндер көбейді. “Еті өліп кеткен"...Адамның ең осал тұсы, әлсіз жанды жері де перзенті, бала үшін отқа да күйіп, суға да түсеміз... Бұл тіпті ең қорқынышты жағдай! Халықтың алдына шығартып тас лақтырып, азаптап өлтірсін!
Аятжан Ахметжан: Педофилдерге - өлім!
Бұл талқыланбауы керек!
Нәзия Жоямергенқызы: Педофилдерге өлім жазасы кесілсін! Қанша бала, қанша әке мен ананың көз жасына қалатындардың өмір сүруге қақы жоқ! Олар емделмейді! Піштірудің де қажеті жоқ. Онда айуандарды түрмеде тегін асырау – ақымақтық!
Серікқазы Көкенай: Мына малды тіпті сотталса да, түрмеге тірі қоя береміз бе? Оны ату, асу аз! Пышақтап, кескілеп жанын қинап өлтіру керек! О, Құдайым өзің кешіре көр! Осылай қоғамда талқылау жасап, ары қарай жоғары билікке, құқық қорғау органдарына және заң шығарушы билікке талап-аразымызды қоюымыз және орындатуымыз керек!
Бізден сұрақ – Бір қазақ баласының тән азабы, жан қиналысы қалайша сіздерді бейжай қалдырады? Ұрпақ сүйіп, немере бағатындай жасқа жетпеп пе едіңіздер? Элиталы коттеджде тұратын балаға сұқ көз қадалып, қоғамның қатыгездігі мен озбырлығының нысанына айналмайды деп кім кепіл бере алады?