Әл-Фараби көшесінен 26 жастағы қыздың денесі табылды

/uploads/thumbnail/20180709144655572_small.jpg

Алматыда арықтан жас қыздың өлі денесі табылды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздың денесі Әл-Фараби көшесінің бойынан табылған. ІІД анықтағандай, қыз 1992 жылы туған.

«Денесінде зорлық-зомбылықтың ізі жоқ. Қазір істің мән-жайы тексеріліп жатыр. Жүрегі тоқтап қалуы мүмкін деген болжам бар. Өлімінің нақты себебін сот медициналық сараптаманың қорытындысы шыққан соң анықталады», - деп хабарлады ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Связанные Статьи