Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім халықтан кешірім сұрады

/uploads/thumbnail/20180813121332399_small.jpg

Тараздағы "Атлетик" спорт кешенінің мұғалімі Алмат Баетов мұсылман қауымнан кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Күн кеше интернет желісіне тараған видеода өзімнің діни сауатсыздығымды көрсетіп қойдым. Ашу ызаға беріліп теріс әрекетке бой алдырдым. Сол себепті мұсылман қауымнан кешірім сұраймын. Кешіріңіздер мені! Жасаған әрекетіме өкінемін, өкініш өзегімді өртеп бара жатыр. Жасаған әрекетімді өз мойныммен жауап беріп, барлық жазаға дайынмын", деп өз өкінішін білдірді. 

Еске салсақ, Тараздағы "Атлетик" спорт кешенінің жаттықтырушысы Алмат Баетов намаз оқыған оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуған. Аталған видео қызу талқыланвп, мұғалім жұмыстан босатылған болатын. 

Связанные Статьи