"Ана тілі" газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына қатысты өзінің пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Ұлттық сананың, тарихи сананың қалыптасуына қатысты Елбасы Тәуел-сіздік алғалы дүркін-дүркін платформалық мақалалар жариялап келеді. Бүгін Елбасы жергілікті қазақтарға біздің тарихымызға 550 жыл емес, 2000 да емес, 5000 жыл дегенді меңзеп отыр. Тарихыңды таны, оқы, көр деп жатыр. Бұл мақала тарихшы, әдебиетші, жазушы-драматургтерге ғана емес, мақала менің замандастарыма тасталған ұран деп қабылдау керек. Әсіресе, біздің мәдениет, руханият, спорттағы студенттер, жастар қауымы мойын бұрса деген тілегім бар. Өйткені, мен патриотпын деп айту, ұрандату, көк туды көтеру оңай, оған ғылыми тұрғыдан баға беру қажет. Тарихи сананы ғылыми тұрғыда бекітуіміз керек.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай жұмыс істейтін институт ашу керек деп есептеймін. Біздің бүкіл тарих, мұражай, мәдениет, руханият, мәдени мұраларымыз бен салт-дәстүрімізге арнайы құрылым құрса деген ойым бар. Ғылым ордасындағы бүкіл институттар жұмыс істеуде, олардың жұмысын жоққа шығармаймыз. Солардың жұмысын біріздендіретін идеологиялық бір орталық керек-
ақ. Бүгінгі мақала ұлттық идеологияға жұмыс жасайтын нөмірі бірінші мақала болып тұр. Ата тарихымызға қайта оралу үшін жасалған қадам. Бұл ел күткен жоба", - дейді Жанарбек Әшімжан.