Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің аппарат жиынында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Құсбеков Дүйсен мәлімдеді.
Басқарма басшысы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен сақтаудың ағымдағы жағдайы және тарифтер туралы баяндады.
«Қазір облыстағы барлық 662 689 адамның 551 590-ы немесе 83%-ы ғана тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға келісімшартқа отырған. Ал елді мекендерді контейнерлермен қамту жұмысында кемшіліктер аз емес. Контейнерлерге барлық қажеттілік 20 417 болса, 10 093 данасы орнатылған. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының түсірілімімен 96 нүктеде рұқсатсыз төгілген қалдықтар орындары анықталды», - деді Дүйсен Құсбеков.