40 мың маңғыстаулық жалпыхалықтық диктанттан үздік баға алды

/uploads/thumbnail/20181126111052121_small.jpg

14 қараша күні республика бойынша жалпыхалықтық диктант өтті. «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы диктантты еліміздің 2 миллионға жуық тұрғыны бір мезетте жазып шықты. 90 сөзден тұратын мәтінді қатысушылар жарты сағат көлемінде аяқтады.

Шарадан соң әр өңірде құрылған арнайы жұмыс топтары диктанттың нәтижесін 5 жұмыс күні ішінде жариялауы тиіс болатын. Соған орай, облыстағы жұмыс топтары Маңғыстаудағы диктанттың қорытындысын шығарды.

Маңғыстау облысынан жоспарланғандай, 80 мың адам диктантқа қатысты. 3273 – мемлекеттік қызметші, 18953 – мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдар қызметкері, 21719 – студент, 21828 – оқушы, 14227 – басқа да қатысушылар бар.

Аудан, қалалардан диктантқа Жаңаөзен қаласынан – 15178, Ақтау қаласынан – 9320, облыстық білім басқармасынан – 18 000, Қарақия ауданынан – 5 мыңнан аса, Бейнеу ауданынан – 5400, Түпқарағаннан – 5000, Мұнайлыдан – 7000, Маңғыстау ауданынан – 5000 адам қатысқан.

Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Ықыласқызының айтуынша, қатысушылардың 40 312 – өте жақсы, 31 712 – жақсы, 7976 – қанағаттанарлық баға алған.

Связанные Статьи