Қажымұқан - халықшыл, Поддубный - гитлершіл...

/uploads/thumbnail/20190123080254155_small.jpg

XX ғасыр  басында Ресейде, Еуропада болсын орыс балуаны Иван Поддубный «чемпиондардың чемпионы» болған. И.Поддубный мен Қажымұқан  төрт рет күреседі. Біріншісі Санкт-Петербуркте Форс паркінде (1907ж.), екіншісі Санкт-Петербуркте (1913ж.), үшіншісі Орелда (1913ж.), төртіншісі – Тбилисиде (1913ж.). Ресми басылымдарда үш кездесуі тепе-тең, ал біреуінде И.Поддубный жеңген болып шығады. Қажымұқантанушы марқұм Қалиәкпар Әміржановтың  айтуынша, И.Поддубныйдың осы жеңісіне күмәндануға болады. Иван Максимович сол жолы Америкаға барғысы келіп тастанқырап кеткен күресін бастап, Америкаға жолдама алғандардың бірі Қажымұқанмен күреседі. Осы күресте И.Поддубный женген болып жарияланады.  Ал Қажымұқан женгенде И.Поддубный, біріншіден Америкаға бара алмайтын, екіншісі, орыс балуандарының ұранын, қолға ұстаған туын  Қажымұқаннан  басым ету саясаты болғаны анық. Қажекең, әрине,  ұстазы әрі досы болған Поддубныйды сыйлаған.

Ресей империясының ұлттық идеологиясы Кеңес идеологиясынан әккі болмаса кем болмағаны белгілі. Қажымұқанды И.Поддубный ұпай санымен жеңді ме, таза құлатумен жеңді ме ол басылымдарда айтылмаған. Қалай болса да цирк шенеуніктері, күрес ұйымдастырушыллары, төрешілері де өздерінің «патриоттық» міндетін жақсы орындаған.  Біздіңше, Қажымұқан И.Поддубныйды  женген.  Әйтпесе сол кездегі Қажекеңнің замандасы, оның күрестеріне қанық  ақын Сәкен Сейфуллин:    

 

«Күресте СССР-да жеке дара,

           Талай дәу қыла алмаған ешбір   шара,

           Еуропа Азиядан асқандар да

           Паддубный, Ганс-Гауан, казбек  Гора» деп жырлар ма еді...

          

 «Поддубный» атты киноны  бәріңіз көрген боларсыздар. Орыстар осы кинода Поддубныйды биіктетіп,  Қажымұқанды аласартқан.  Яғни фильмде Поддубный Қажымұқан атты түрік балуынының желкесін үзіп жібереді. Режисерлар түрік балуанына басқа есім таппай, Қажымұқанның атын таңдауы кездейсоқтық  емес, қазақ батырын төмендету үшін әдейі істелгені анық.

 Бәрімізге тарихтан белгілі сол кезде Қажымұқан Еуропа аренасында Ресей атынан, Шығыс әлемінің аренасынды бір жылдары Жапон- Манчжур елдері атынан күреске қатысқан. Тарихи жазылмаларда Қажымұқан атамыздың түрік балуаны болып күрескенін көрмедім. 1Анау айтты, мынау айтты1 дегенді естімедім. Ал түрік балуандарымен кездесіп Стамбулда Нұрлыны, Парижде Шәкірді жеңгені бірнеше естеліктерде жазылған.

 Қажымұқан мен Поддубныйдың өмірбаяндары  ұқсас. Екеуі де қарапайым халық  ортасынан шыққан. Қажымұқан  Қоспа ауылы Ақмола Уезі, Батыс- Сібір өлкесінде туған. Әкесі қарапайым қазақ ,  малшы. Өзінің бастаған жұмысы  малшы- жалшы.

 Поддубный  Украинаның  Богодуховка селосында туған,  Запорожьелік казак . Әкесі кедей  шаруа , өзі Севостополь портының жүк тиеушісі болған.

Қажымұқанның бойы 186 см салмағы 130 келі, Поддубныйдың  бойы 184 см салмағы 118 келі болған.

Алған наградалары мен атақтарыне келсек,   Персияда Қажымұқан Алтын Арыстан және Күн  орденін (1909 ж) алған,  Манчжур ризашылық орденін  1912 жылы иеленген.  Еуропаның чемпионы атты белбеу таққан. Поляк халқының королі өз белбеуінен алып төрт Алтын пластинканы Қажымұқанның белбеуіне қадаған. Денешынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1927 жылы арнайы шешімімен Қажымұқанға «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ берілген.

 Поддубный – Құрметті легион ордені (1911ж), Ресейдің  Еңбек Қызыл ту орденін (1939ж), Ресейлің  Еңбек сіңірген әртісі, спорт шебері атағын алған.

Қажымұқан 1929 жылы Новосибирк қаласында сотталып алты  ай абақтыда отырады.

Поддубныйды 1920 жылы  Одессаның төтенше комитеті соттап түрмеге жабады.

         Екеуі де (Қажымұқан, Поддубный) күресті цирк аренасынан бастап, 1941 жылы цирктің аренасымен қоштасады. 

 Қажымұқан уақытында алған наградтарын Отан соғысының алдында, Поддубный соғыс кезінде сатқан.

Поддубный  Ұлы Отан соғысы уақытында (1941-1943жж)  немістер жаулап алған Ейск  қаласында тұрған. Немістер оған әскери ауруханаға (госпиталь) биллиярд залын ашуға рұқсат беріп, сөйтіп Германияға айдалуынан аман қалған.

Ал Қажымұқан 1943 жылы  Жеңіс күнін жақындатам деп өзі бас болып ойын- сауық өткізіп, одан тапқан 100 мың сом ақшасын қорғаныс қорына тапсырған.  Сталиннен алғыс айтқан телеграмма  алған. Ол ақшаға Қазан қаласында ұшақ  жасалып, қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаевқа табыс етіледі. Ол Қажымұқан сыйға тартқан ұшақпен 120-дан астам жауынгерлік тапсырма орындайды. Ақырында, әскери әуе күштерінің басқа да машиналарымен бірге 1945 жылы 24 маусымда Москвада өткен Жеңіс парадына қатысады. Ал сол ұшақтың ұшқышы Қажытай Шалабаев соғыстан қайтқан соң Қажымұқан ағасымен бірнеше рет кездесіп, дәмдес болады.

 

 

Связанные Статьи