Табысы белгілі бір шектен асатын инвесторларды ауылға инвестиция салуға міндеттеу керек

/uploads/thumbnail/20190123102045184_small.jpg

Ресейдің ауқатты кәсіпкерлері Олег Дерипаска, Владимир Потанин, Виктор Бударин өз елдерінің ауыл шаруашылығы саласына ай сайын тапқан табыстарының 20-30 пайызын аударып отырады екен.  Ресейдің Саратов облысына қарасты Увек ауылында қазірде бір ғана Владимир Потаниннің аударған инвестициясының есебінен ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, көлемі 1840 гектарды құрайтын жылыжай салынып, одан тиісінше мол өнім алынуда. Бір қызығарлығы, сол жылыжайдан түскен пайдаға Потанин мырза мүлдем қол сұқпайды да екен. Ауқатты олигарх мұны ол тек «ауылға салынған инвестиция» деп есептеп өнімнен түскен пайданы тек қана фермерлердің өздерінің пайдалануына мүмкіндік береді. Келтіре берсек, өркениеттілікке ұмтылған елдерде де мұндай мысалдар жетіп-артылады. Өзге елдердің ауқаттылары осылайша ауылға инвестиция салуға барынша ықылас білдіріп жатқан тұста «біздің деңгейіміз қандай?» деген сауал өзінен-өзі туындайды.

Бұл ретте мамандар  «қазір ақпараттық технологиялардың даму ғасырында әлемде үлкен өзгерістер болып жатыр. Көптеген елдер күн және жел энергиясына назар аударуда. АҚШ-тың өзі болашақта 65 пайыз энергияны күн мен желден алуға баса назар аударуда. Осыларды ескерсек, келешекте ауыл шаруашылығы саласы мүлдем ескерілмей қала ма деген қауіп те жоқ емес» деседі.

Бұған қатысты экономист-сарапшы Меруерт Молдабаеваның айтуынша, ең қауіптісі бізде ауылды-аймақтардың өзінде ауқымды жерлерді жалға алып, пайдаланбай отырған алпауыттар да жетерлік.  

«Елімізде 282 млн гектардан астам жайылымдық жер бар. Қынжыларлығы, сол көлемді жайылымдық жердің 40 пайызын ғана ұқсатып отырмыз. Ал қалғаны пайдаланылмай отыр. Келешекте біз жеріміздің құнарлылығын көтеріп, өндірістік, өнімділік қабілетін арттырамыз десек, жаңашылдыққа бет бұрып, бұрын астық егілген, қазірде бос жатқан жерлерге көпжылдық шөптер егу мәселесін қолға алуымыз керек. Міне, осы мәселені жетілдіруде нақ сол алпауыттардан инвестиция қажет. Ал бізде керісінше, кезінде бәленбай гектарлап ауыл шаруашылығы жерлерін алып алған ауқаттылар сол жерлерді не өзгеге бермей, не өздері игермей құр бос ұстап отыр. Сондықтан келешекте үкімет осы жайттарға назар аударғаны жөн», - дейді Меруерт Молдабаева.

Жалпы, статистикалық деректерге жүгінсек, елімізде барлығы 175 аудан болса, соның ішінде 72 ауылдық аудан дамуы жағынан кенжелеп қалған. Міне, осы деректерді алға тартқан экономист мамандар «өзге елдерде ауыл-аймақтарды қолдауға алпауыттар өздері жұмылады. Біздің ауқаттылар ауылға инвестиция салғаннан гөрі өз пайдаларының еселене түсуін ғана ойлап жүр. Ауылға мемлекеттік көмек өз алдына осындай қосымша қаржы күші керек» деседі.

«Қазірде ауылшаруашылығы мәселесімен ауылшаруашылығы министрлігі, жергілікті әкімдіктер ғана айналысып жүр.  Ауылға салалық банктерді апару, шаруаның қолына арзан қаражат беру, субсидия, дотация беру жайы бізде жақсы жолға қойылған. Бірақ мемлекеттік көмек ауылға аздық етіп отыр. Егер біз дамыған елдердегідей ауылдың еңсесін көтергіміз келсе, онда алпауыт инвесторларды ауылға апарғанымыз жөн», - дейді Меруерт Молдабаева.

Сарапшының бұл сөзін экономика ғылымының докторы, профессор Атамұрат Шәменов те қолдап отыр. Экономист-ғалымның пайымдауынша, бізде ауыл тұрғындары түсінетін аграрлық саясат жоқ.

«Конституциялық заңымыздың  9 бабында: «Республика Үкiметi мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, кауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады» деген. Үкіметте бір-бірінен туындап жатқан бағдарламалар көп. Бір министр келіп бір бағытты айтады, саясатын жариялайды.  Екіншісі басқа бағытқа сүйрейді. Ал ауылдағы көпшілік дүбәрә қалыпта. Субсидия бар жерде ұрлық бар. Ол коррупцияға жол ашады. Тегін қаражат бөлуді тоқтату керек, бәрінің қайтарымы бар. Мүмкіндігінше ұзақ мерзімге, «каникулмен» берілгеннің жауапкершілі бар және ол тиімді болмақ. Бұл ретте фъючерлік келісімнің келешегі бар. Аграрлық саясат тағам өндіруге бағытталуы тиіс. Салмақты жергілікті әкімдерге салу керек. Сағым қуғанды қойып, өлшемі бар талаптар қойылуы керек, ол – халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл ретте жаңа инвестициялық қадамдарға бару керек», - дейді Атамұрат Шәменов.

Қазақстанның мүмкіндіктерінің көп екендігін алға тартқан мамандар ауыл шаруашылығына қатысты бізге сілкініс керектігін айтып отыр.  Бұған қатысты экономист-мамандар табысы белгілі бір шектен асатын инвесторларды ауылға инвестиция салуға міндеттеп көру керектігін алға тартуда.  Бұл ретте экономист-сарапшы Марал Төртенова «Біздің елемізде егіс алқаптары  құрылымының 65 пайызы бидай алқабына тиесілі. Қазір елімізде дәндi дақылдардың құрылымында бидайдың үлес салмағы өсуiне байланысты бұршақ тұқымдас, жар ма, жемдiк дән және жем шөптiк да қыл дардың егiс алқаптары азайып барады. Сондай-ақ былтырғы жылы қант қызылшасының егiс алқабы 1,6 есе азайса, күнбағыс егiс алқабы, мал азығын дайындайтын егiстiк алқапта ры ның сапасы 1,7 есеге дейін төмендеген. Осыған орай ауылды биотехнологияға бейімдеу қажет. Бізде биотехнология өндірісін кеңінен пайдаланатын ауыл жоқтың қасы. Өткен жылы солтүстік Қазақстан облысының диқандары 9 мың гектар жерге био технологиялық әдіспен егін егіпті. Нәтижесі жаман емес. Бұл әдіс әртүрлі химия лық реактивтерді қосып жерді өңдеген нен әлдеқайда тиімді. Бір басымдық беріп айта кетерлігі, осы әдіспен өңдел ген 2 грамм ғана бидай дәніне арнайы жасалған нанкапсула қосып, ол бидайды биотехнологиялық әдіспен езіп, өңдеген кезде бұл бидай дәні сапалылығы жағынан 100 гектар жерге дейін жететін өнім береді. Сонда 2 грамм бидай егіп, 100 гектарға жететін өнім алу әбден тиімді емес пе? Осы құндылықты ұғын ған өзге елдер биотехнологияның тілін біліп, тетігін табуға ұмтылып бағуда. Қа зір осы әдіс арқылы Германияның, Украи наның, Ресейдің фермерлері өздерінің егіс алқаптарын жайқалтып, сапалы өнім алып шаруасын дөңгелетіп отыр. Жалпы, ауылдың климатына биотехнологияны бейімдеу үшін аса көп қаржы қажет емес. Инвесторлар осы жағына мән берсе деймін. Бұл салаға қаржы салған инвесторлар осылай салған қаржысын аз шығынмен қайтарып алуға болатынын білуі тиіс. Сонда ғана олар шыққан шығындарының орны толатынына сенімді болып ауылға қарай қаржыларын апаратын шығар. Негіззі өркениетті елдердегідей тәжірибе ұстана отырып, табысы белгілі бір көлемнен асқан инвесторларды ауылға инвестиция салуға міндеттеген дұрыс», - дейді Марал Төртенова.

Қарлығаш Зарыққанқызы

Связанные Статьи