Еліміздің жұлдыздары барғысы келмеген балалар үйіне Хабиб барды (видео)

/uploads/thumbnail/20190128100654535_small.jpg

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов Қарағандыдағы балалар үйіне барып, балалардың арманын орындады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған дейін Хабиб Нұрмағамедов қарағандылық жігіттің арманын орындап, Қарағандыға баратынын айтқан. Ол кеше  Қарағандыдағы "Таңшолпан" балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. 

Хабиб

Хабибты қонаққа шақырған Александр есімді жігіттің айтуынша, чемпион өзіне ерекше назар аудартқысы келмегендіктен алдын ала ескертусіз, жасырын түрде келген. Тіпті оның келетінін 20 минут бұрын ғана біліпті. 

♦Хабиб Нұрмағамедов 26 жастағы қарағандылықтың арманын орындады (фото)

Хабиб балалар үйінің тәрбиеленушілерін спортпен айналысуға шақырған. Сондай-ақ чемпион Александрдың анасының дүкеніне барып, танысып, шоколад алған. 

Хабиб

"Мен қазақстандық танымал жұлдыздарға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға "ақыл-кеңес айтыңыз", деп бірнеше рет шақырту жасағанмын. Алайда көбісі менің ұсынысымды қабыл алмады. Келгісі келмеді.  Әке-шешесі жоқ балалар үшін танымал адамдармен кездесу арман екенін білесіздер ме? Олармен кездесу олардың шабытына шабыт қосып, жақсы адам болуына зор ықпалын тигізер еді. Бөтен бала деуге болмайды. Себебі бәрі біздің балаларымыз, бауырларымыз. Мен оларға өзімнің бауырларым, қарындастарым ретінде қараймын. Балалардың өмірін жақсартып, аяқтарына нық тұрғанын қалаймын", дейді Александр Корогодов.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

К нам приехал великий человек! Хабиб???

Публикация от Тренер по Боксу-Кикбоксингу (@amirzhanbosinov)

Дайындаған: Әсел Болатқызы

Связанные Статьи