Елбасы Бразилия президентіне көңіл айтты

/uploads/thumbnail/20180531094732592_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", - делінген жеделхатта.

Айта кетсек, өткен аптада Минас-Жерайс штатындағы Брумадинью муниципалитетінде бөгет жарылды. Жексенбіде 58 адамның қайтыс болғаны және 305 адамның із-түссіз жоғалып кеткені хабарланды. Осыған дейін 37 адам қайтыс болғаны және 280 адам іздестіріліп жатқаны айтылған.  Лай астынан қазылып шығарылған жолаушылары бар автобусты тапқаннан кейін қайтыс болғандар саны өскен. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Связанные Статьи