Үш адамның өмірін қиған жол апаты: Gelendwagen жүргізушісінің ісі сотта қаралады

/uploads/thumbnail/20181231142544702_small.jpg

Алмалы аудандық прокуратурасы Алматыда өткен жылдың 29 желтоқсанында болған жантүршігерлік жол апатына кінәлі деп танылған Кар Ильястың ісін сотқа жіберді. Бұл жайында аудандық прокуратура сайтында мәлім болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Ол жол ережесін бұзып, байқаусызда болған жол апатының салдарынан үш адам қаза тапқан, сондай-ақ оқиға орнына дереу ізін суытқаны үшін айыпты деп танылды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 29 желтоқсан күні Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында үш адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты орын алған болатын. Апаттың салдарынан актриса Айзада Сатыбалдиева ауыр күйде ауруханаға жеткізілді. Gelendwagen  жүргізушісі 120км/сағ жылдамдықпен жүріп келіп Mitsubishi маркалы жеңіл көлікті соққан. Оқиға орнына дереу ізін суытқан дүнген азаматы келесі күні қолға түскен болатын. Тергеу жұмыстары нәтижесінде, оның Grand opera клубынан шығып, мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи