Қазақстан армиясы ғаламның ең мықты әскери Қарулы күштерінің қатарында 136 елдің ішінде Сириядан кейін 50-орында тұр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш тізімнің дерегі globalfirepower.com сайтында жарияланған.
Әлемдік рейтингте 50-орынға табан тіреген отандық әскердің қуаты біршама елдерден төмен тұрса да, бұл дерек соңғы жылдары Қазақстан қарулы күштерінің тұрақты дамып келе жатқандығын көрсетеді. Кейінгі жылдары 5 орынға жоғары көтеріліп, алғашқы елулікке кірген.
Алдағы уақытта Қазақстанның қорғаныс саласына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтпақ ниетте.
Нақты айтар болсақ, Қазақстанның экономикалық әлеуеті әскери шығындарға айтарлықтай қаржы бөлуге мүмкіндік береді: қару-жарақпен жабдықтау және әскерлердің күшін нығайту, әскери техникаларды жаңарту, орта мерзімді уақытта Қарулы күштерді дамыту.
Атап өтетін бір жайт, бұл ретте, республика посткеңестік дәуірден кейінгі өтпелі кезеңнен сәтті өтіп, соңғы төрт жыл ішінде қорғаныс саласына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтқан.
Қазақстанның бүгінгі Қарулы күштерінің бюджеті 2,43 миллиард долларды құрайды және әлемдік рейтингте көршілес Әзірбайжан (53-орында), Ауғанстан (71 орында) әскерінен жоғары тұр, сондай-ақ, бюджет көлемі де бұл елдерден бес есе артық.
Ұсынған: Назерке Лабихан