Цесна банктің директорлар кеңесін Шигео Катсу басқарады

/uploads/thumbnail/20190207134521224_small.jpg

Шигео Катсу Цеснабанк директорлар кеңесінің басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ Цеснабанктің басқарма төрағасы болып Бекжан Пирматов тағайындалған. Ол First Heartland Bank - ті басқарады. 

2010 жылдың желтоқсанында Шигео Катсу Назарбаев атындағы университеттін президенті атанды.  Бұл қызметке дейін ол Дүниежүзілік банкте жұмыс істеп, Азия, Африка және Еуропадағы қаржылық секторды реформалауға жетекшілік еткен. 

Айта кетсек, 6 ақпанда Цеснабанктің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбеков 99,5 пайыздық акциясын сатқан болатын. Аталмыш акцияны First Heartland Bank сатып алды. 

«First Heartland Securities» АҚ – «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық холдингінің құрамына кіретін қазақстандық брокерлік компания.

Аударған: Әсел Болатқызы

Связанные Статьи