Димаш қытайларға Абайдың қара сөзін үйретуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Қымбатты достар, мен Димашпын. Сіздерге өлең дайындап қойдым. Қазір бір бөлігін айтқан ән Абайдың өлеңіне жазылған халық әні. Мен оның сөздерін сіздерге қазақ және қытай тілдерінде жеткізгім келеді", дейді Димаш.
Алғашында Димаш Абайдың "Айттым, сәлем қаламқас" әнін орындады. Кейін Абайдың 37-қара сөзіндегі бір шумақты қытай тілінде оқыды.
Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
Ұсынған: Әсел Болатқызы