Махатма Ганди Үндістанға тәуелсіздікті қан төгіссіз қалай алып бергенін білесіз бе?

/uploads/thumbnail/20190213124855148_small.jpg

"Маған Махатма Гандидің тәуелсіздік жолындағы күресі керемет шабыт береді. Үндістанға еш соғыссыз, қан төгіссіз тәуелсіздік алып беру деген таңғалмасыңа қоймайтын дүние емес пе? Сол Ганди қандай шара қолданды дейсіз ғой? Ол бар болғаны өз еліндегі ағылшын тауарларынан бас тартып, халықты да сол өнімнен шақырды. Ең аяғы тұз алу үшін суға өзі түсіп, киім кию үшін матаның жібін өзі иіріп кетті ғой. Тек өз тілінде сөйледі. Оның атын естігенде тіпті Англияның премьер министрі Черчилльдің өзі елеңдеп қалатын деседі. Ал біз...

Аллаға шүкір, тәуелсіздік алдық. Әйтсе де, өзім қазақша сөйлегеніме мәз болып, бірдеңені тындырғандай боп жүрсем, оным бер жағы екен. Тілімізге жанымыз шын ашыса, банкоматта қазақ тілін таңдап, телефондағы операциялық жүйелерді қазақ тілінде жүргізуіміз керек. Қызмет көрсету орындарында қазақша сөйлеп, іс- қағаздарын қазақша толтыруымыз қажет екен. Егер лайықты қызмет көрсетілмесе, шағым түсіруге ерінбеу керек екенбіз. Ал біз уақытымызды аяймыз, артық проблемадан қашқымыз келеді де, қолды бір-ақ сілтейміз. Сөйте тұра, қазақ тілі дамымады деп дабыл қағамыз. Дамытпай жүрген өзіміз екенінде ой жоқ.

Ал сіз қазақ тілі үшін қазақша сөйлеуден басқа қандай еңбек етіп жүрсіз? Мүмкін бір-бірімізден үлгі алармыз?"

(с) Марфуға Шапиян, блогер

Ұсынған: Мақпал Сембай

Связанные Статьи