"Қазақ-қырғыз шекарасынан табылған қыздың туыстары іздестіріліп жатыр" деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтының дерегін негізге алып. Таразда аты-жөні ғана белгілі бойжеткеннің туыстары іздестіріліп жатыр. Қазір қазақ-қырғыз шекарасынан табылған жас шамасы 22-дегі қыз бейімдеу орталығында. Мұндағы мамандар оның құжаттарын рәсімдей алмай қиналуда. Себебі тұрғылықты мекен жайын білмейді. Сондықтан орталық қызметкерлері бойжеткенді танығандарға хабарласуды сұрайды.
Аты-жөнін еміс-еміс есіне түсірген Алтынай Тұрсыноваға ежіктеп сөйлеудің өзі қиын. Ақыл есінде ауытқушылығы бар, әріп танымайтын, санауды да білмейтін бойжеткеннің оқымағаны байқалады. Ал жас шамасы 20-дан асатын қыз өзін "үштемін" дейді.
Алтынай Тұрсынова:
— Үйден не үшін шығып едің?
— Анам арақ ішіп, ұрғасын шығып кеттім.
— Ұра ма сені?
— Әкең екеуі бірге іше ме?
— Иә.
Қыздың әке-шешесі, екі бауыры бар көрінеді. Оның айтуынша, ішкілікке жақын ата-анасынан жиі жәбір көргендіктен, қашып құтылған. Сөйтіп адасып жүрген Алтынайды шекара шебінен тәртіп сақшылары тауып алыпты.
Ботакөз Қалқабаева, Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық психологы:
— Қызда қорқыныш сезімі бар, эмоциялық жағынан тұрақсыз. Бойында қорқыныш сезімі қалыптасып қалған. Тіпті жауап беруге қорқақтайды. Орталыққа екі жеті бұрын тапсырылған мына қарияның да тағдыры қиын, - дейді.
Ақыл есінің ауытқуы бар ақсақал "өткен ғасырдың 20-жылдары туылғанмын" дейді. Бірақ жасым 20-да деп отыр. Алматыда жалданып жұмыс жасадым деген ол Таразда қайдан жүргенін түсіндіре алмады. Күш-қуаты әлі сарқыла қоймаған Бахуддин ата теңгені тұңғыш көріп таңқалдырды.
— Мынау қанша теңге?
— 10 мың
— Ал мынау ше?
— 5 мың
— Мынау он, мынау бес мың дейсіз бе?
— Таптым мен.
Алтынай мен Бахуддин ақсақал да тұрғылықты мекен -жайын білмейді. Сондықтан екеудің жеке басын анықтап, құжат рәсімдеу қиындық туғызуда. Ал орталық қызметкерлері бұларды танығандар болса, хабарласуды сұрайды.
Ұсынған: Әсел Болатқызы