Енді теңгеге мәтін тек қазақ тілінде жазылады

/uploads/thumbnail/20190222184812056_small.jpg

Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген. "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" № 804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталарда шет тілдердің жазбаларын қолдануға болады.

Құжаттың алдыңғы нұсқасында былай жазылған еді:

"Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. Шет тілінде рәсімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде рәсімделеді".

Ұсынған: Мақпал Сембай

Связанные Статьи