Арыстанбек Мұхамедиұлының әнін Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова орындайды (видео)

/uploads/thumbnail/20190225103347321_small.jpg

Кешегі күнге дейін Мәдениет және спорт министрі қызметінде болған Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің фейсбук парақшасына  жазған әнінің бейнебаянын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Арыстанбек Мұхамедиұлының бұл әнін еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова орындайды. 

"Достарым, сіздермен "Бақытты жандармыз" композициясына түсірілген бейнебаянмен бөліскім келіп отыр, оның авторы – өзім, сөзін жазған – Асқар Дүйсенбі. Шығарманы таныстыруды қажет етпейтін жас, дарынды, танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова орындайды. "Бақытты жандармыз" сіздерге ұнайды деген үміттеміз. Жанға жағымды болсын!", - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Связанные Статьи