Әлемнің үздіктерін анықтайын Лос-Анджелесте Оскар сыйлығының 91- марапаттау рәсімі өтті. Бұл жолы сахнада жүргізушілер болмады.
Жылдың ең үздік фильмдері номинациясына "Черная Пантера", "Черный клановец", "Богемская рапсодия", "Фаворитка", "Зеленая книга", "Рома", "Звезда родилась", "Власть" фильмдері таласты.
Ал бағы жанып, қанжығасына бас жүлдені байлаған пианист пен шофердің саяхаты туралы "Зеленая книга» фильмі болды.
Жылдың үздік актері номинациясымен Рами Малек, ал үздік актриса Оливия Колман марапатталды.
Салтанатты кештің ашылу сәтінде Queen тобы және Адам Ламберт өнер көрсетті.
Көпшіліктің есінде қалған таңғалдырарлық нәрсе, Билли Портердің ұзын қара көйлегі болды.