Кешегі Назарбаевтың мәлімдемесінен кейін халық абдырап қалған еді. "Атам кетті" деп жылап жатқандардың көпшілігі кішкентай балалар. Сондай-ақ "қимастық сезім бар" деп пікір білдіргендер де, біраз уақыт бойы сене алмағандар да болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Назарбаевтың биліктен кеткенін естіп жылаған жасөспірім қыздың видеосы қызу талқыға түсті. Кішкентай қыз "атам кетіп қалды" деп жылады. Үлкендер "енді жастарға жол бергісі келген ғой. Оның орнына тағы бір атаң келеді" деп жұбатты.
Кейін әлеуметтік желіге кішкентай баланың жылаған видеосы да жарияланды. Ол да Тұңғыш президенттің кеткенін естіп жылаған.
Ұсынған: Әсел Болатқызы