"Қазақстанның бас қаласының атауы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгеруі керек"

/uploads/thumbnail/20190320124523962_small.jpg

Депутаттар Қазақстан Республикасының жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше қошемет көрсетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Парламент үйінде халыққа ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде алғашқы мәлімдемесін жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айта отырып, өз ұсыныстарын айтты. Солардың алғашқысы Астана қаласы мен Қазақстанның орталық көшелерінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев етіп өзгерту. 

♦"Назарбаевтың портреттері орнында қалуы тиіс"

Астана қаласын Нұрсұлтан Назарбаев деп және барлық қалалардың негізгі көшелерін тұңғыш президенттің атымен өзгертуді ұсынды.

19 наурызда сағат 19:00-де Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттілігін тоқтататыны туралы үндеу жариялаған. Өзінің өкілеттілігін Елбасы Сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Связанные Статьи