Жанат Ешмағамбетов ҚР әділет министрінің орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жанат Ешмағамбетов 1970 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр. Қарағанды политехникалық институтының "тау-кен инженер-технолог" мамандығы бойынша (1992) және Қарағанды Экономикалық Университетінің "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1992 Қарағанды қаласының "Арқа" құрылыс фирмасының жабдықтау бөліміде аға маманболып бастаған. Әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы комитетінде, Әділет министрлігінде қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында жұмыс істеді. Әділет министрінің орынбасары лауазымына 8 сәуір 2016 жыл тағайындалды.
Ұсынған: Гүлім Жақан