Танымал композитор Игорь Крутой Димашқа арнап жаңа ән шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Димаш өзінің Instagram парақшасына жариялады.
"Мәскеудегі студияда жұмыс істеп жатырмыз. Жақында жаңа ән жарыққа шығатын болады. Игорь Крутой керемет ән шығарды. Сол әнді жақын арада еститін боласыздар. Шаршадық әрі шабыттандық", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Еске сала кетсек, Димаш Игорь Крутойдың "Шаршаған аққулар махабббаты" әнін орындаған еді. Аталмыш әннің бейнебаяны 10-15 сәуір аралығында жарыққа шықпақ. Кейін Игорь Крутойдың Димаштай әншіні талай жылдан бері күтіп жүргенін айтқан болатын.