Оралдық шекарашылар 200 млн теңге шамасындағы контрабанданың жолын кесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат «Орал - Самара» бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен шабаданда 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйізін алып өтпек болған», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, контрабандалық киік мүйізінің жалпы құны 196,9 млн теңге деп есептелінген.
Ұсынған: Мақпал Сембай