Алматының қақ ортасында жылу құбыры жарылып, төрт адам күйіп қалды (видео)

/uploads/thumbnail/20190410112814018_small.jpg

Алматыда бүгін таңертең жылу құбыры жарылып,  4 адам зардап шегіп, 7 пәтер және 8 көлік бүлінді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат Пушкин және Төле би көшелерінің қилысында таңғы сағат 04:14 кезінде болған.

"Жылу құбыры жарылып, 4 адам күйіп қалды. Олар бірден ауруханаға жеткізілді. Одан бөлек көпқабатты тұрғын үй кешенінің 7 пәтері, сол маңға қойылған 8 көлік бүлінді. Адамдардың денсаулығына және мүлікке келтірілген шығын көлемі анықтала салысымен, еліміздегі заңнамаға сәйкес компания өтемақы төлейтін болады", - дейді компаниядағылар.

Алматы жылу желісі зардап шегушілердің шығыны нақтылана салысымен, оны төлеуге дайын екендіктерін де айтты.

Олар жылу құбырын жөндеп, оны қайта іске қосу үшін бір күн кететінін айтты.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, төтенше жағдайға жылу құбырының әбден ескіруі себеп болған. Ол арада жатқан диаметрі жарты метрлік құбырлар 1993 жылы салынған екен.


Ұсынған: Мақпал Сембай

Связанные Статьи