Тексеріс аяқталды: қару мен ақша табылған көлік әкімнің ұлына тиесілі

/uploads/thumbnail/20190416163514156_small.jpg

Жүксалғышынан бума-бума ақша мен оқ дәрі, травмат табылған модельдегі Toyota Camry автокөлігі Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың баласына тиесілі екені расталды.

Айта кету керек, наурыз аяғының соңында жол-көлік полициясы шетелдік маркадағы көлікті тоқтатады. Көлік тізгінінде әкімнің ұлының досы болған. 055 QQQ 05 номерін тағып, терезелерін қараңғылаған көлік полиция қызметкерлерінің көңіліне күдік салса керек. Бірақ көлік ішінде әкімнің баласы Тұрлыхан Тұрарбек болмаған. Ол сабақта отырғанда А. Шәріпов, Н. Мақұл және С. Бейсен есімді достары көңіл көтермек болған сыңайлы. 

Тексеріс барысында бірқатар заңсыз дүниелер табылып, тәркіленген. Олардың барлығы Н. Мақұл есімді жасөспірімге тиесілі болса керек-мыс. Өйткені, осы азаматтың тарапына ҚР ҚК 287 бабының 2-тармағы бойынша (заңсыз қару, жарылғыш заттар тұтыну, тасымалдау) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүргізілуде. 

Қазір Талдықорғанның экс-әкімі Дастан Шалабаев жаңа қызметке ауысты. Әкімдіктен кеткен ол «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығына жұмысқа орналасты. Қызметтік тексерулер оның ешқандай құқық бұзушылыққа бармағанын дәлелдеді.

Связанные Статьи