Голландияда құстар көше тазалаумен айналысады

/uploads/thumbnail/20190502115441582_small.jpg

Әр қадам сайын шашылып жататын темекі тұқылы кім-кімді де мезі етері анық. Болмашы нәрсе ғана болып көрінгенімен темекіден соң қалатын темекі тұқылының табиғатқа келтірер залалы пластик қалдықтардан көп болмаса, аз емес. Осыны ескерген голландиялық "Crowded cities" компаниясы қаланы қоршаған ортаға зиянды темекі тұқылы мен қалдықтарынан тазалауға білек сыбана кіріскен.

Голландиялықтар бұл мәселемен қалай күресіп жатыр деп ойлайсыз? Адам сенгісіз, арнайы үйретілген қарғалар арқылы. Компания өкілдері құстарға жаңғақ беретін құрылғыны қалай дұрыс пайдалану керектігін үйреткен. Қарға темекі тұқылын арнайы қоқыс контейнеріне салса болғаны, аппарат арахис жаңғағын ұсынады.

Қарға – өз пайдасын алыстан сезетін ақылды құс, әрі бірінің істегенін бірі айнытпай қайталауға шебер. Табиғат тарту еткен осы қасиеттерінің арқасында, олар көше сыпырушылардың өзі көре қоймайтын таса жердегі темекі қалдықтарын тауып, қала тазалығына өлшеусіз еңбек сіңіреді.

"Crowded Cities" мамандары темекі тұқылының құстардың денсаулығына қандай кері әсері барын зерттеп жатқанда, Францияның Лез-Эпесс қаласындағы ойын-сауық саябағының әкімшілігі бұл идеяны жүзеге асыруға кірісіп кеткен. Саябақта ауланы қоқыс пен темекі тұқылынан тазартуға үлес қосам деген қарғаларға жаңғақ сыйлайтын 6 жәшік орнатылған. Енді мұндағы құстарды саябақта жұмыс істейтін ұжым қызметкерлері ретінде көруге әбден болады.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Связанные Статьи