Алматы облысында қалталы азаматтарға қызмет көрсететін заңсыз «жеңгетайлықпен» айналысқан екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, «жеңіл жүріске» түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы тиісті мекемеге орналастырылды»,- делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары адам саудасы мен олардың құқығын шектеуге қатысты заң бұзушылықтармен күрес үнемі жүретінін мәлімдеді. Мұндай заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда облыс тұрғындары полицияға бірден хабар береді.