Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов (5-1, 3 КО) кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол Мексиканың Тихуана қаласындағы бокс кеші аясында жергілікті спортшы Даниэл Армандо Валенсуэламен (36-37-2, 21 КО) жекпе-жек өткізді.
Жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық оны бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Бұл – Рахманқұловтың Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі. Мұның алдында ол АҚШ-та жұдырықтасқан. Кәсіби деңгейдегі жалғыз жеңілісті қараша айында пуэрториколық Никлаус Фластан тапқан. Қазақстандықтың мүддесін танымал Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты жұлдыздармен жұмыс істейтін Top Rank пен Боб Арум промоутерлік компаниясы қорғайды.