Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады.
"20 маусымда шамамен сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікте химиялық өңдеу жүргізу кезінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады", - деді Нұрахметов.
Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапқан, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, осы дерек бойынша тергеу жүргізіледі.