Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Наоми Осаканы (Жапония) жеңді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Путинцева Осаканы Ұлыбританияның Бримингем қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында 2-0 (6:2, 6:3) есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық теннисші ширек финалда Юлия Гëргеспен (Германия) ойнайды.
Путинцева бұл жеңісімен тарихта қалады. Өйткені, ол - қазақстандық теннисшілердің арасынан алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасын ұтып отыр.
Юлия Путинцева 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан ойнайды. Ол қазір WTA рейтингінде 43 орында келеді. Қазақсатндық теннисшілер арасында бірінші номер.