Бақытты 5 көпбалалы жанұя үш бөлмелі пәтердің иегері болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Пәтерлер Островский көшесінде орналасқан. Жанұялар облыс және ел билігіне алғыс білдірді.
Қалалық әкімдік мәліметі бойынша, бұл мекен-жайда 60 пәтер көпбалалы отбасыларға бөлінеді. Бұл үйде сонымен қатар, жетім балалар, I-II топтағы мүгедектер, толық емес отбасылар және бюджетті ұйымдардың қызметкерлері пәтер алады.