Жас жұбайларды тікұшақпен тасыған ұшқыш жұмыстан қуылды

/image/2019/07/18/crop-1_0_292x527_photo_286482.png

Азаматтық авиация комитеті мейрамхана алдына жас жұбайларды тікұшақпен алып келген ұшқышты жұмыстан босатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бірқатар қазақстандық БАҚ-та видео жарияланды, онда "Falcon Avia" ЖШС-ға тиесілі тікұшақты қондыру сәті көрсетілген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу ережесінің 423-тармағының ережелері сақталмаған", - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында. 

Елдімекен аумағына қонған әуе кемесінің капитаны А. В. Матвиенко ұшудан шеттетілді, сондай-ақ "Falcon Avia" ЖШС ұшуды ұйымдастыру мәселелерін тексеру үшін инспекциялық комиссия жіберілді.

Осыған дейін, өз тойларына ерекше келудің әдісін ойлап тапқан қазақстандық жас жұбайлар интернет қолданушыларын таңғалдырған еді. 

Связанные Статьи