Тоқаев қайтыс болған арыстық баланың отбасына көңіл айтты

/image/2019/08/03/crop-28_0_697x929_2019080216175999999_2019080214352848982_5d43de4f9a4961728149.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр жарақаттан қайтыс болған арыстық баланың қазасына байланысты оның ата-анасы мен туған туыстарына көңіл айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!»,-деп жазды Мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында.

Кеше, 2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы Арыстағы оқиға кезінде көлік астына түсіп, елрдадағы №2 ауруханаға жеткізілген Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растады.

Оған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Аян Шәріпбаевты шетелдік мамандар да қарағанын, алайда жағдайы нашар жатқанын мәлім еткен болатын.

 

Связанные Статьи