Елордадағы базарлардың бірінде өрт болып, "Ярмарка" қоймасында азық-түлік тауарлары сақталған 30 дүңгіршек жанып кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Big Шанхай" сауда базарының аумағындағы өрт туралы хабарлама 6 тамыз күні 03:49-да келіп түскен. 04:35-те өрттің таралуы тоқтатылып, 05:08-де толық сөндірілді.
Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты жалмаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 44 адам мен 12 бірлік техника жұмылдырылды деп хабарлайды астаналық төтенше жағдайлар комитеті.