Атамбаевтың үйіне екінші рет шабуыл жасалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі akipress сайтының дерегін негізге алып.
Аталмыш сайттың дерегіне сәйкес сағат 16.20-да Атамбаевтың үйінде болған 500-дей адам Беш-Күнгей жаққа жылжыды. Олардың қолдарында қару жоқ, тек тас пен таяқ ұстаған.
Ал 16.23-те арнайы жасақ қайтадан шабуылға кірісті. Милиция Атамбаевтың үйіне граната лақтырды.
Атамбаевтың жақтастарының бірі Фарид Ниязов Алмазбек Атамбаевтың үйіне тағы да шабуыл жасаудың басталғанын растады. «Атыс естілді. Гранаталар жарылып жатты», - деді ол.