Медведев Түркіменстан президентінің сыйлығын көрсетті

/image/2019/08/12/crop-17_83_327x581_000154486378_rian-id-5898994.jpg

Ресейдің Премьер-министрі Дмитрий Медведев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов сыйлыққа берген алабай күшігінің видеосын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алабай күшігін президент Медведевке мамыр айында сыйлаған болатын. Күшікке Айк лақап аты берілген. Ол иесімен бірге Мәскеу маңындағы Ресей премьерінің резиденциясында тұрып жатыр. Әлеуметтік желісіндегі парақшасында Медведев өзінің ресми резиденциясында күшігін қыдыртып жүрген видеосын жариялады. 

"Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов сыйға тартқан күшік не болды деп сұрап жатқандар үшін. Бұл Айк, оған 4 ай болды, Горкада тұрып жатырмыз", - деп жазды Медведев. 

 

Связанные Статьи