Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына барған сапарында бұдан былай мұнай-газ саласында қазақ мамандарының басым болуы керектігін айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында мәлім етті.
–Елдегі ірі мұнай-газ компанияларын жергілікті қазақ компаниялары мен жергілікті қазақ мамандарын өз жобаларына белсенді түрде тартуға шақырамын, – деді Президент Тоқаев Атырау облысына барған сапарында.
Егер шын мәнінде бұл пікір жүзеге асса, дұрыс мәселе. Бірақ оны кім қадағалайды, кім жүзеге асырады? Оған сенім бар ма? Мәселе сонда.